​Ресей полициясы 9 жыл іздеген қылмыскер Солтүстік Қазақстаннан табылды

0
784

42 жастағы ресейлік Солтүстік Қазақстанда 9 жыл бойы полициядан қашып, жасырынып жүрген. 2009 жылы Ханты-Мансийск қаласының полициясы оған ұрлық жасады деген күдікпен іздеу салынған. Сол мезетте күдікті РФ аумағынан шығып үлгереді


​Ресей полициясы 9 жыл іздеген қылмыскер Солтүстік Қазақстаннан табылды

42 жастағы ресейлік Солтүстік Қазақстанда 9 жыл бойы полициядан қашып, жасырынып жүрген. 2009 жылы Ханты-Мансийск қаласының полициясы оған ұрлық жасады деген күдікпен іздеу салынған. Сол мезетте күдікті РФ аумағынан шығып үлгереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам Солтүстік Қазақстанда тұратын жерін жиі алмастырып отырған. Ақша істеу үшін кейде Петропавлда, кейде аудандарда жүре берген. «Тәртіп сақшыларына іздеу жарияланған күдіктінің болжалды орны туралы хабар келді. Екі аптаға созылған шара нәтижесінде қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады», - деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Петр Климов жыл басынан бері облыста 27 қылмыскерге іздеу жарияланып, соның 21-і ұсталғанын жеткізді. Ұсталғандардың төртеуі ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасады деген күдікке іліккен. Облыс полицейлері ТМД елдерінің ішкі істер органдары іздеу салған 10 адамды анықтап, ұстаған. Ал Солтүстік Қазақстан полицейлері үшін жақын шетелдерде 7 күдіктіге іздеу салынып, анықталған.

иллюстрациялық сурет


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет