РФ ДСМ: ​Коронавирусқа қарсы вакцинация алған соң бала емізуге болмайды

0
720

Дәрігерлердің айтуынша, емізу кезеңінде вакцинация жасау қауіпті.


РФ ДСМ: ​Коронавирусқа қарсы вакцинация алған соң бала емізуге болмайды

ERNUR.KZ. РФ Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинация алған соң бала емізуге болмайтынын мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Жаңа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (Ковивак, Эпиваккорона, Спутник Лайт) сәйкес зерттеулердің болмауына байланысты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды», - делінген РФ Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Ал «Спутник V» вакцинасының нұсқаулығына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес пайдасы ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайларда қарсы көрсеткіштер тізімінен жүктілік кезеңі алынып тасталды.

«Бала емізу кезеңінде вакцинация жасау қауіпті («Спутник V»)», - делінген хабарламада.