Росгидромет Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейге көтерілетінін болжады

0
288

Атырау қаласында күтілетін ең жоғары деңгей 540-600 см құрайды.


Росгидромет Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейге көтерілетінін болжады

ERNUR.KZ. Росгидромет болжамына сәйкес Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейге көтеріледі деп күтілуде, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті, деп жазады sputnik.kz.

Атырау қаласында күтілетін ең жоғары деңгей 540-600 см құрайды (қауіпті 550 см).
"Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов, Атырау облысы ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаевпен бірге Жайық өзенінің каспиге құятын жеріне жүргізіліп жатырған тереңдету жұмыстарын, қала аумағындағы және Береке, Алмалы, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай елді мекендеріндегі жаға бекіту жұмыстарын қарады", - делінген хабарламада.
Жұмысшылармен кездесіп, проблемалық мәселелер талқыланды.
"Су тасқыны кезеңінде Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарын үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырамыз. Арнайы сөмкеге жылы киім, медициналық құрал-жабдықтар, құнды заттар, тағам және таза су салып дайындап қою керек. Өміріңізді қауіп-қатерге тікпей, тиісті органдардың хабарламаларына құлақ асуларыңызды сұраймыз", - деп ескертті департаменттегілер.