Румынияда коронавирустан қайтыс болған кандидат мэр болып сайланды

0
511

Оған 1600 сайлаушының 1200-і дауыс берген.


Румынияда коронавирустан қайтыс болған кандидат мэр болып сайланды

ERNUR.KZ. Румынияның Девеселу коммунасының тұрғындары мэр сайлауында Ион Алиман есімді кандидатты сайлады, деп хабарлайды Хабар24.

Оған 1600 сайлаушының 1200-і дауыс берген. Бірақ аталған кандидат сайлау алды науқаны кезінде қайтыс болған және оның атын сайлаудан екі апта бұрын шығарылған бюллетеньдерден алып тастамау туралы шешім қабылданған екен.


«17 қыркүйекте коронавирус салдарынан қайтыс болған Ион Алиман жергілікті сайлауда жеңіске жетті. Сайлау науқаны кезінде қайтыс болуына байланысты оның аты бюллетеньдерден алынып тасталмаған еді», - деді сайлау комиссиясының өкілдері.


Қайтыс болған Алиманды сайлау арқылы тұрғындар оның коммунаның игілігіне жасаған жұмысы үшін құрмет көрсеткілері келген. Дегенмен Девеселу коммунасында мэр сайлауы қайта өтпек.