Сәбиін қоқысқа тастаған студент ұсталды

0
588

Түркіменстанда түсік тастауға заңмен тыйым салынған.


Сәбиін қоқысқа тастаған студент ұсталды

ERNUR.KZ. Ашғабад милициясы жаңа туған сәбиді қоқысқа тастаған күдіктіні ұстады. Күдікті Түркімен мемлекеттік экономика және басқару институтының студенті, деп жазады centralasian.org.

"Гаудан А" ауданының тұрғындары жақында қоқыстан жаңа туған сәбидің денесін тапқан болатын. Оқиға Құрбан айттың үшінші күні 22 шілдеде болған. Бұл ауданға жақын жерде аталған институттың жатақханасы орналасқан.

Милиция тексеру барысында күдіктінің студент екенін анықтаған.

"Бойжеткен өзінің оқытушысынан аяғы ауыр болып қалғанын мойындаған", - деп хабарлайды дереккөз.

Түркіменстанда түсік тастауға заңмен тыйым салынған. Алайда "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" заңның 19-бабында бес аптаға дейін жүктілік кезінде денсаулығына байланысты жатырдағы баланы алдыруға рұқсат берілген.