Самоадағы қызылша эпидемиясы: Елде төтенше жағдай жарияланды

0
824

Қызылша жұқтырған 183 адам ауруханаға жатқызылды.


Самоадағы қызылша эпидемиясы: Елде төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Самоада қызылшамен ауыратындар саны 3700 адамға жетіп, ауру салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты, оның 48-і - төрт жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы дүйсенбі күні мемлекет басшылығы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта қызылша жұқтырған 183 адам ауруханаға жатқызылды, ауыр жағдайдағы 19 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Самоа билігі елде төтенше жағдай жариялады. Аралда мектептер мен оқу орындары жабылды. Денсаулық сақтау министрлігі 16 қазан күні адамдар қайтыс бола бастағаннан кейін эпидемия туралы хабарлады. 18 қараша күні жалпы вакцинация басталды.

Соңғы екі аптада аралдағы мемлекетке 200 мыңға жуық вакцина жеткізіліп, қызылшаға қарсы жалпылама вакцинация кезінде 58 мың жергілікті тұрғынға екпе жасалған. Аралдағы жалпы халық саны - 200 мыңға жуық.