Сарапшы: COVID-19-дың екінші толқыны "жастар мен дені сау адамдарға" қауіпті

0
718

Коронавирустың екінші толқыны алғашқысынан мүлде өзгеше болмақ.


Сарапшы: COVID-19-дың екінші толқыны

Корольдік медицина қоғамының президенті, профессор Роджер Кирби күн суытқан уақытта болуы ықтимал коронавирустың екінші толқыны көбіне "жастар мен дені сау адамдарға" қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады kaz.nur.kz.

Оның пікірінше, коронавирустың екінші толқыны алғашқысынан мүлде өзгеше болмақ. Сарапшы кейінгі кезеңдерінде жастардың денсаулығын "сынаған" 1918 жылғы испан тұмауының эпидемиясын мысалға келтірді.

"Қыс келе жатыр, әрине, COVID-19-ның екінші толқыны да болады", – дейді профессор Роджер Кирби BBC Radio 4 бағдарламасында. Коронавирустың алғашқы толқыны негізінен қарт адамдар мен қосалқы аурулары бар адамдарға әсер етті. Пандемия сарапшылары COVID-19 екінші толқында мутацияға ұшырауы мүмкін деп қорқады. "1918 жылы біз вирус мутацияға ұшырап, жастар үшін аса қауіпті болғанын көрдік", – дейді Кирби.

Айта кетейік, испан тұмауы балалар мен қарттар үшін қауіпті болды. Зерттеушілер өлім-жітім сызығын "U қисығы" деп атаған. Бірақ екінші толқында ол "W қисығына" айналып, дені сау отыз жастағы адамдар қайтыс бола бастаған деп жазады Mirror Online.

Испан тұмауының пандемиясы 1919 жылдың жазында аяқталды. Ол кезде вирус жұқтырғандардың бәрі не көз жұмды не оған қарсы иммунитеті қалыптасқан.

Еске салсақ, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664-ке жетті.