Сарапшылар жұмыс іздеудің жұлдыз-жорамалмен байланысы бар-жоғын анықтады

0
1 204

Сарапшылардың айтуынша жұлдыз белгілері бойынша ең адал қарыз қайтарушылар - Шаяндар екен.


Сарапшылар жұмыс іздеудің жұлдыз-жорамалмен байланысы бар-жоғын анықтады

ERNUR.KZ. Жұлдыз-жорамалдың жұмысқа орналасу мен мансапқа байланысы жоқ. Superjob зерттеушілерінің 25 миллионнан астам түйіндемені талдауы бойынша жасалды, деп жазады sn.kz.

Рекрутингтік компания Тоқты мен Бикеш жұлдызында дүниеге келгендер жұмысты қолғапша ауыстырады деген түйін жасаған.

IOS қосымшасын әзірлеушілердің ішінде Шаян мен Егіздердің жалақысы бірдей. Сарышаяндар мен Таразылардың көбі Big data мамандығы бойынша қызметте.

Superjob зерттеушілері түйіндеме жазу барысында қатты бас қатырып, жұлдыз-жорамал бойынша жұмысқа тұруға ниеттенбеуді ұсынады.

2017 жылы «DeltaCredit Bank» сарапшылары жұлдыз белгілері бойынша ең адал қарыз қайтарушыларды атады. Ипотекалық қарыз алушылардың алдыңғы қатарында Шаяндар екен. Бұл жұлдызды клиенттерінің 96,66 пайызы кешіктірмей төлеген. Бикештер екінші орында (96,65%), «Сарышаяндар» - үшінші (96,6%). Соңғы орында «Мерген» (95,89 пайыз) алды. Сонымен қатар, қаржы ұйымы өздерінің қарыз алушыларын жұлдызды белгілер арқылы таңдамайтынын айтты.