Сарбаз әжетхана жуудан бас тартқан соң көз жұмды

0
209

Әжетхана жу деп қысым жасалғанын, бірақ өлсе де ондай жұмыс істемейтіндігін айтып отбасына хат жазған.


Сарбаз әжетхана жуудан бас тартқан соң көз жұмды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Белгородтағы әскери бөлімшелердің бірінде әскери қызметін екі-ақ күн өтеген cтавропольдік азамат көз жұмды. Оқиға қарашаның 29-ы болған, алайда ол туралы ақпарат енді ғана жарияланды деп хабарлайды Stan.kz.

Қаза болған 19 жастағы жас жігіттің анасының айтуынша, баласы қарашаның 28-і Белгородтағы казармаға орналасқан. Сол күні-ақ, әжетхана жу деп қысым жасалғанын, бірақ өлсе де ондай жұмыс істемейтіндігін айтып отбасына хат жазған. Түннің бір уағында "арада кикілжің шықты және әңгімеге тартып жатыр" деп аудиохабар жіберген.

Қарашаның 29-ы командир жас жігіттің туыстарына хабарласып, оның өлімін естірткен. Командирдің айтуынша, турникте жаттығу жасап тұрған кезінде халі нашарлаған. Жедел жәрдем шақырылғанына қарамастан, дәрігерлердің қолынан ештеңе келмеді. Қазіргі таңда оқиға себептері анықталып жатыр.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет