Сардоба су бөгетінің жарылысы: Өзбекстанда 17 адам сотталды

0
548

Оқиға 2020 жылдың 1 мамырында болды.


Сардоба су бөгетінің жарылысы: Өзбекстанда 17 адам сотталды

ERNUR.KZ. Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуына байланысты қылмыстық іс бойынша 17 адам сотталды. Оқиға осыдан бір жыл бұрын - 2020 жылдың мамыр айында болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Өзбекстан Жоғарғы соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот шешімімен 6 адам (3-тен 10 жылға дейінгі аралықта) бас бостандығынан айырылып, 1 адамның бас бостандығы 4 жылға шектелді. Қалған 10 адамға ірі ірі көлемде айыппұл салынды.

Ең ұзақ мерзімге «Узтемирйулкурилишмонтаж» мекемесінің бас директорының бұрынғы орынбасары, гидротехикалық құрылғылар құрылысы дирекциясының бұрынғы басшысы М.Холматов сотталды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы материалдық жауапты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 мамырында облысында жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:55-те Өзбекстанның Сырдария Сардоба су қоймасындағы дамба жарылды.

Апат салдарынан Мақтаарал ауданында (Қазақстан - Түркістан облысы) 4 мыңға жуық халық зардап шегіп, 500-ден астам баспана толығымен бұзылып, қайта салынды.