Сауд Арабиясы үш жылға созылған кикілжіңнен кейін Катармен шекарасын ашты

0
2 159

Сауд Арабиясы 2017 жылы Катарды терроризмді қолдады және ираншыл позициясы үшін айыптап, дипломатиялық келісімдерді үзген.


Сауд Арабиясы үш жылға созылған кикілжіңнен кейін Катармен шекарасын ашты

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясы 2017 жылдың жазынан бері жабық тұрған Катармен арадағы шекарасын ашты. Бұл жөнінде екі ел ортасында арағайындық жасап жүрген Кувейт сыртқы істер министрі мәлімдеді, деп жазады Азаттық.

Оның сөзінше, Катардың әмірі бүгін Сауд Арабиясында өтетін Парсы шығанағы елдерінің саммитіне қатысады.

Саммитте Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Египет Катармен қарым-қатынасты қалпына келтіру жөніндегі келісімдерге қол қояды деп күтіледі. Аталған елдер 2017 жылы Катарды терроризмді қолдады және ираншыл позициясы үшін айыптап, дипломатиялық келісімдерді үзген.