Сауд Арабиясында қажылық маусымы басталды

0
1 010

Биыл қажылық 17-22 шілдеге аралығында өтеді.


Сауд Арабиясында қажылық маусымы басталды

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясында қажылық маусымы қатаң шектеулер жағдайында басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл қажылық 17-22 шілдеге аралығында өтеді. Екінші жыл қатарынан бұл рәсімге басқа мемлекеттің азаматтары қатыса алмайды.

Қажылыққа елде бекітілген коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған 18-65 жас аралығындағы Сауд Арабиясының 60 мың тұрғыны қатысады.

Осы жылы қажылыққа баратындар саны өткен жылмен салыстырғандар әлдеқайда көп. 2020 жылы 10 мың адам барған. Билік 5 күндік қажылық кезінде коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған қатаң шектеулер өткен жылғыдай оң нәтижесін береді деп үміттенеді.