Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты

0
850

Зардап шеккендер әл-Хамна ауруханасына жеткізілген.


Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Arab News агенттігінің хабарлауынша, Мәдина қаласынан 170 шақырым жерде Әл-ахал елді мекеніне жақын тұста Хижраға бара жатқан автобус басқа бір көлікке соғылған.

Кей деректерге қарағанда, 39 жолаушысы бар жекеменшік автобус жүк көлігіне барып соғылған.

Зардап шеккендер әл-Хамна ауруханасына жеткізілген.