Сауд Арабиясының дипломаты Мысырда сөз сөйлеп тұрып қайтыс болды

0
534

Дипломат Каирдегі шекарашылар үйінде сөз сөйлеп жатқанда есінен танып қалған.


Сауд Арабиясының дипломаты Мысырда сөз сөйлеп тұрып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясының белгілі дипломаты Мұхаммад әл-Кахтани Мысырдағы араб-африкалық конференциясында сөз сөйлеп тұрып кенеттен қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, дипломат Каирдегі шекарашылар үйінде сөз сөйлеп жатқанда есінен танып қалған. Дәрігерлер дипломатқа жедел көмек көрсеткенімен, оны аман алып қала алмаған.Мұхаммед әл-Кахтанидің өліміне не себеп болғаны айтылған жоқ.

Әл-Кахтани өз сөзінде Мысыр, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенттері мен әміршілері туралы сөз қозғап, Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз әл Саудты "ұлы адам" деп атаған және оның кезінде ел бірде-бір терроризм мен басқа да проблемалар туралы естімегенін тілге тиек еткен.