Сеулде Арыс тұрғындарын қолдау акциясы өтті

0
663

Қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері осы мемлекеттегі біздің елдің елшілігі алдында флеш-моб ұйымдастырды.


Сеулде Арыс тұрғындарын қолдау акциясы өтті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея астанасында Арыс қаласының тұрғындарын қолдау акциясы өтті, деп жазады «Хабар 24».

Қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері осы мемлекеттегі біздің елдің елшілігі алдында флеш-моб ұйымдастырды. Шараға қатысушылар «Арыс, біз сендермен біргеміз» деп ұрандатты. Бұдан бөлек Түркістан облысының ресми есепшотына қаражат аударды. Елшілік қызметкерлері оған өздерінің бір күндік жалақысын берді. Сеулде тұрып жатқан қандастарымыз өзге елдердегі отандастарымызды да Арыс тұрғындарына көмектесуге шақырды.

– Оңтүстік Корея мен Азияда ғана емес, сонымен бірге Еуропа мен Америкадағы мыңдаған қазақстандық осы акцияға қосылады деген үміттеміз. Отандастарымыз қазіргі шараны жалғастырып, қазақстандықтарға, ең алдымен балаларға қол ұшын беретіндігіне сенімдіміз. Себебі барлығы жаңалықтардан балаларға көмектің қажет екенін көріп, біліп отыр, - дейді Корея республикасындағы қазақ қауымдастығының өкілі Жанна Әуелбекова.

– Арыста болған оқиғаны естігенде, көңілім босап кетті десем де болады. Және де Арыста болған жағдайдан кейін зардап шеккен Қазақстан азаматтары және бүлдіршіндерге осы жерге келіп қолдау көрсетіп отырған азаматтарға көп рақмет. Осындай акцияны жүргізіп, біз де қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз, - деді студент Аян Амангелдінов.