Шахтадағы шабуыл: Перуде 9 адам қаза тапты

0
835

Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр.


Шахтадағы шабуыл: Перуде 9 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Перудің Патас провинциясында тау-кен шахтасына жасалған шабуылдан 9 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр.

Белгілі болғандай, қарулы қылмыскерлер тобы шахтада жарылғыш заттарды іске қосқан. Бұл оқиға биліктің заңсыз кен өндірумен күресу әрекетіне жауап болуы мүмкін.

Перу полициясы төрт адамды кепілге алған шабуылшылардың жолын кесу операциясын бастады. Қазірдің өзінде жеті қылмыскер тұтқындалып, қарулары тәркіленген.