Шариғат заңы: Ұрлық жасаған қылмыскердің қолын шапты

0
1 087

Amnesty International Иран билігін елдің пенитенциарлық жүйесін реформалап, дене жазаларын қолданудан бас тартуға шақырды.


Шариғат заңы: Ұрлық жасаған қылмыскердің қолын шапты

ERNUR.KZ. Amnesty International құқық қорғаушылары қылмыскердің қолын кесу үкімі орындалғаннан кейін Иран билігін айыптады, деп жазады sputniknews.kz.

Шариғат заңына сәйкес кесілген жаза 23 қазанда Мазендеран провинциясында жүзеге асырылған.

Әділет департаменті бұл шара қоғамдық тәртіпті бұзушылар мен мемлекеттік мүлікті тонаушыларға қарсы күрес аясында қолданылғанын атап өтті.

Amnesty International халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы дене жазаларының кез келген әдісін азаптауға теңестіре отырып, Иран билігін одан бас тартуға шақырды.

"Иран билігі бұл асқан қатал жазаны орындау арқылы халықаралық құқыққа сәйкес қылмыс болып саналатын азаптауды қолданды. Иран азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық келісімнің қатысушысы ретінде барлық жағдайда азаптауға тыйым салуға міндетті", - деп мәлімдеді Amnesty International ұйымының Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкадағы басшысының орынбасары Салех Хигази.

Ұрлық жасады деп танылған қылмыскерлердің қолын кесу жазасы мұсылмандар заңы – шариғат нормалары енгізілген елдерде бар, Иранда ол соңғы кездері сирек қолданылып жүр.