Шашынан тартып құлатты: Көшедегі қыздар төбелесі видеоға түсіп қалды

0
1 445

Видеодан жерге құлаған қызды екіншісі арқасынан теуіп жатқанын көруге болады.


Шашынан тартып құлатты: Көшедегі қыздар төбелесі видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Беларусь астанасында дәмхананың жанында төбелескен қыздарға іздеу жарияланды, деп жазады sputniknews.kz.

Шілде айында Минск қаласында болған оқиға бейнебақылау қамерасына түсіп қалған. Видеодан бір қыз қарсыласының шашынан тартып құлатып, арқасынан бірнеше рет тепкенін көруге болады.


Жәбірленуші бірден орнынан тұр алмайды, ал жұдырық ала жүгірген қызды жанындағылар аулақ алып кетеді.

Видео 8 тамыз күні Ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланған. Төбелеске қатысушыларға іздеу жарияланды. Полиция халықтан көмек сұрап, шамамен 23-26 жастағы қыздардың сыртқы белгілері туралы хабарлады.