Шіркеу қызметшілерінің арасында үш мыңнан астам педофил анықталды

0
713

Комиссия құрбандар санын 10 мың адамға жуық деп отыр.


Шіркеу қызметшілерінің арасында үш мыңнан астам педофил анықталды

ERNUR.KZ. Франциядағы католик шіркеуінің үш мыңнан астам діни қызметкерінің педофилияға қатысы бары анықталды, деп жазады zakon.kz.

Бұл католик шіркеуін зерттеген тәуелсіз комиссияның қорытындысы.

Комиссия екі жарым жылдан астам уақыт тергеу жүргізді.

Комиссия 1950 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін шіркеу, сот және полиция мұрағаттарына, сондай-ақ куәгерлермен сұхбатқа сүйене отырып зерттеу жасады. Комиссия басшысы Жан-Марк Сова зерттеу барысында шіркеу қызметкерлері арасында кемінде 3,2 мыңға дейін педофил анықталғанын айтты.

Комиссия құрбандар санын 10 мың адамға жуық деп отыр. Агенттік комиссияның құрбандар санының толық есебі сейсенбіде, 5 қазанда жарияланатынын айтты. Ол 2,5 мың беттен тұрады.