Шри-Ланкада діни алауыздық өршіп барады

0
943

21 сәуірде басталған қақтысығыс әлі күнге жалғасуда.


Шри-Ланкада діни алауыздық өршіп барады
ERNUR.KZ. Курунегала қаласында бірнеше күннен бері қаскүнемдер дүкен мен шіркеулерге тас лақтырып, шабуыл жасауда, деп жазады 24.kz.

Қақтығыс салдарынан бір адам қаза тапқан. Ашуға бой алдырған ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданылып жатыр. Полиция бірнеше белсендіні тұтқынға алды. Елдегі көтерілістерге байланысты билік өкілдері әлеуметтік желі мен мессенджерлерді бұғаттап тастады. Аралда Facebook, Instagram, YouTube және WhatsApp бағдарламалары уақытша жұмыс істемейді. Айта кетейік, елде мұндай жағдай 21- сәуірде басталып, бірқатар жарылыс болған. Теракттен 250 адам қаза тапқан болатын. Шабуылды «Ирак және Левант ұйымы» жасағанын мойындап отыр.