Швецияда курортты ауыл сатылымға қойылды

0
720

​Жылжымайтын мүлік құны 7 млн долларға бағаланған. Оны шетелдіктер де сатып ала алады.


Швецияда курортты ауыл сатылымға қойылды

ERNUR.KZ. Швеция астанасына жақын маңда «SPA-ауыл» сатылымға қойылды, деп хабарлайды Хабар24.


Сатра Брунн аумағында әлемдегі ең таза жеті бұлақтың бірі орналасқан.

Ал оның аумағы – 60 гектар, жанындағы 34 гектар қоса беріледі.

1700 жылы Сатра Брунн аумағында Сэмюэль Скрагге есімді дәрігер бұлақ барын анықтаған. Сондықтан осы жерді сатып алып, үй мен аурухана тұрғызған. Көп ұзамай бұл ауыл әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылатын мекен болып шыға келді.

Кейіннен елді мекенді жергілікті кәсіпкерлер сатып алып, оны SPA-курортқа айналдырған.