​Швецияның оңтүстігінде 12 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

0
1 040

Бұл жаз маусымында мұндай шешім екінші мәрте қабылданып тұр.


​Швецияның оңтүстігінде 12 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

ERNUR.KZ. Күннің қатты ысып кетуі салдарынан Швецияның оңтүстігінде 10 тамызға дейін 12 пойыздың қозғалысы тоқтатылды, деп жазады inform.kz.

Теміржолшылар пойыз жолдары аптап ыстыққа шыдамай, зақымдануы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл жаз маусымында мұндай шешім екінші мәрте қабылданып тұр. Шілденің соңында бірнеше бағыт бойынша қозғалыс тоқтаған еді. Осы күндері елдің оңтүстігінде ауа температурасы 30-34 градусқа жетеді деп болжануда. Өңірде ыстық әрі құрғақ ауа райы мамыр айынан бері сақталып тұр. Синоптиктер шілдені Швециядағы соңғы бірнеше онжылдықтардың ішіндегі ең ыстық ай деп атаса, Стокгольмде мұндай ауа райы 262 жылдан бері болмаған.