Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды

0
160

​Си Цзиньпиннің айтуынша, теңіз әскері күштері елдің егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығы мен мүдделерін қорғауға арналған.


Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды

ERNUR.KZ. Гуандун провинциясындағы әскери базаға барған Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин қытайлық сарбаздарға "соғысқа дайын болуға назар аудару керектігін" ескертті, деп жазады sputniknews.kz.

Сәрсенбіде Шэньчжэнь арнайы экономикалық аймағының құрылғанына 40 жыл толуына орай мерекелік шаралар өтті. Оны Қытайдың орталық теледидары көрсетті.

Си Цзиньпин Қытай армиясының теңіз әскері күштерін тексеру кезінде әскерилерді жоғары дайындықта болуға шақырды. Сонымен қатар, Қытай халық республикасының көшбасшысы әскери қызметкерлер адал, сенімді және мінсіз болуы керек екенін еске салды.

"Сіздер сергек әрі қырағы болып, ақыл-ой мен күш-жігеріңізді соғысқа жұмылдыруға дайын болу керексіздер", – деп келтірді телеарна Си Цзиньпиннің сөзін.

Си Цзиньпин теңіз әскері күштерін Қытай армиясының элиталық бөлімі деп атады. Оның айтуынша, әскердің бұл түрі елдің егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығы мен мүдделерін қорғауға арналған.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет