Си Цзиньпин Ресейге ұшып келді

0
617

Владимир Путин мен Си Цзиньпин Астана уақытымен сағат 18:00-де Үлкен Кремль сарайында кездеседі.


Си Цзиньпин Ресейге ұшып келді

ERNUR.KZ. Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің ұшағы Мәскеудегі "Внуково" әуежайына келіп қонды, деп жазады Zakon.kz.

Қытай Коммунистік партиясының төрағасы Си Цзиньпин Мәскеуге ұшып келді.

Владимир Путин мен Си Цзиньпин Астана уақытымен сағат 18:00-де Үлкен Кремль сарайында кездеседі.

Бұл Қытай басшысының үшінші мерзімге қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы халықаралық сапары, ол 20-22 наурыз аралығына жоспарланған.

Бейжің бұл сапар екі ел арасындағы өзара сенімді нығайтады деп отыр. Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэнбиннің айтуынша, ол екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жаңа серпін береді.

Мемлекет басшылары Ресей мен Қытай арасындағы әріптестік пен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, бірқатар құжатқа қол қояды.

Си Цзиньпин мемлекет басшысы ретінде 2013 жылдан бері Ресейге сегіз рет келді, бұдан басқа елдерге қарағанда Ресейге көбірек келгенін атап өтуіміз керек. Жалпы, соңғы он жылда Владимир Путин мен Си Цзиньпин әртүрлі форматта 40 рет кездескен.