Сиднейде климаттың өзгеруіне қарсы ереуіл өтті

0
552

Ашуға бой алдырғандар қоқыс жәшіктерін лақтырып, тәртіп сақшыларымен жанжалдасқан.


Сиднейде климаттың өзгеруіне қарсы ереуіл өтті

ERNUR.KZ. Австралияның Сидней қаласында климаттың өзгеруіне қарсы ереуіл тәртіпсіздікке ұласты, деп жазады 24.kz.

Наразылық акцияға қатысқан белсенділер шаһар көшелеріндегі көлік қозғалысын тежеп тастаған.

Ереуіл тәртіпсіздікке ұласты. Ашуға бой алдырғандар қоқыс жәшіктерін лақтырып, тәртіп сақшыларымен жанжалдасқан. Полиция 11 адамды қамауға алды. Жалпы наразылық акцияға 60-қа жуық адам қатысты.