​СІМ: Солтүстік Корея Қазақстаннан үлгі алсын

0
1 223

Солтүстік Кореяны "әлемдегі төртінші ядролық қуаттан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жапқан Қазақстаннан үлгі алуға" шақырды.


​СІМ: Солтүстік Корея Қазақстаннан үлгі алсын

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 12 маусымда АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидерінің Сингапурдегі кездесуі жөнінде ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Мәлімдемеде Қазақстан бұл саммитті "КХДР-дың халықаралық қауымдастықпен қарым-қатынасын түзеуге мүмкіндік ашып беретін "тарихи оқиға" деп атады.

Астана мәлімдемесінде "Пхеньянның денуклеризацияға ұмтылысын" жоғары бағалап, Солтүстік Кореяны "әлемдегі төртінші ядролық қуаттан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жапқан Қазақстаннан үлгі алуға" шақырды.

АҚШ - Солтүстік Корея саммиті 12 маусымда тарихта алғаш рет өтті. Құрама Штаттар президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ынның жеке кездесуі 45 минутқа созылды. Бұған дейін Солтүстік Кореяның бірде-бір лидері АҚШ-тың билік басындағы президентімен кездескен емес.

Келіссөздер нәтижесінде бірлескен декларацияға қол қойылды. Онда Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуды міндетіне алды, ал АҚШ Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери оқуларын тоқтатуға уәде берді. Құжатта бұл уәделердің орындалу мерзімі көрсетілмеген, Корей түбегінде адам құқықтарының сақталуы мәселесі қамтылмаған.