Сингапур әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының үштігіне енді

0
305

Гонконг үздіктер үштігінен түсіп, оның орнын Сингапур басты.


Сингапур әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының үштігіне енді

ERNUR.KZ. Сингапур Z/Yen британдық талдау тобы Қытай даму институтымен (Шэньчжэнь) бірлесіп жасаған рейтингте Гонконгты ығыстырып, әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының үштігіне кірді, деп жазады inbusiness.kz.

Газеттің жазуынша, Гонконг бұрынғы позициясын коронавирусқа қатысты карантиндік шектеулерге байланысты жоғалтты. Сондай-ақ, рейтингте Токиода бірден 7-орыннан 16-орынға төмендеген. Ал Сингапур керісінше үш сатыға көтерілді.

"Гонконг және Токио сияқты қалаларға сапар шегуге қойылған шектеулер олардың қалыпты бизнесті жүргізу қабілетіне әсер етеді", – дейді агенттік зерттеушілері.

Рейтинг көшбасшылары әдеттегідей Нью-Йорк пен Лондон. Үздік 10-дыққа Сан-Франциско, Шанхай, Лос-Анджелес, Пекин және Шэньчжэнь кіреді. Зерттеу 119 қаланы қамтыды.