Сингапурда әуе таксиі сынақтан өткізілгелі жатыр

0
1 130

Такси әуеге тұрған орнынан тік көтеріліп дәл сондай жағдайда қонатын болады.


Сингапурда әуе таксиі сынақтан өткізілгелі жатыр

ERNUR/KZ. Сингапурда Азаматтық авиация басқармасы 2019 жылы әуе таксиін сынақтан өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы VOA News хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Басқарманың мәліметінше, ұшатын аппараттың көлемі автокөлікке ұқсас болмақ. Әуе таксиі көлік кептелісі кезінде әуеге көтеріліп, сағатына 160 км жылдамдықпен жүре алады.

Такси әуеге тұрған орнынан тік көтеріліп дәл сондай жағдайда қонатын болады. Сондай-ақ, оны қашықтықтан және дербес басқаруға болады.

Басылымның хабарлауынша, мұндай көліктер газ қалдықтарын екі есе төмендетпек.

Бұған дейін неміс инженерлері орнынан тік көтерілетін өз әуе таксилерін көрсеткен еді.