Сингапурде 5G байланысын жаппай сынақтан өткізу басталды

0
537

Сынақтың құны айына 10 сингапур долларын құрайды ($7,3).


Сингапурде 5G байланысын жаппай сынақтан өткізу басталды

ERNUR.KZ. Сингапурдің Singtel телекоммуникациялық корпорациясы 5G байланысын жаппай сынақтан өткізуді бастады, деп хабарлайды Хабар24.

Компанияның хабарлауынша, қызмет қаланың шет аймақтарында ғана қолжетімді болады.

Сынақ үш айға созылады және экспериментке қатысуға алғашқы болып ниет білдірген Singtel компаниясының 20 мың тұтынушысына тегін болады. Басқалар үшін сынақтың құны айына 10 сингапур долларын құрайды ($7,3).

Ел билігі Сингапурдің бүкіл аумағын 2025 жылға қарай жаңа байланыс жүйесімен қамтуды жоспарлап отыр.