Сингапурде жалған ақпарат таратқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

0
765

Ал жалған ақпарат таратқан компанияларға 735 000 мың доллар айыппұл салу қарастырылған.


Сингапурде жалған ақпарат таратқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Сингапурде фейк жаңалықтар туралы заң күшіне енді. Заң бойынша жалған ақпарат таратушыларға айыппұл салынып, түрмеге отырғызу жазалары қарастырылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сыншылар бұл заң сөз еркіндігіне қауіп төндіретінін айтуда. Ал үкімет заңды Интернеттегі жалған әрекеттер мен манипуляциялардан қорғану үшін қабылдағанын, жалған ақпарат қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштыққа кері әсерін тигізетінін айтты. Ал Facebook пен Google секілді технологиялық компаниялар заң жобасына о баста қарсы шықты, себебі заң бойынша парламент олардан жалған ақпарат таратқан сайттар мен адамдардың аккаунттарын бұғаттауды талап ете алады», деп жазады CNN тілшісі.

ның айтуынша, жалған ақпарат таратқан адамға заң бойынша 36 000 доллар айыппұл салынады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

«Егер жалған ақпарат дәлелденбеген ондайн аккаунттар мен боттардың пайдаланылуы арқылы таратылса, оған $ 73 000 айыппұл немесе он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деп жазады автор.

Ал жалған ақпарат таратқан компанияларға 735 000 мың доллар айыппұл салу қарастырылған.

«Шекарасыз репортерлер» (RSF) соңғы әлемдік рейтингінде Сингапур баспасөз бостандығы бойынша 180 мемлекеттен 151-інші орында тұр. Халықаралық заңгерлер комиссиясы мен көптеген адвокаттар мен соттар да заңды қатаң сынға алып, бұл баспасөз бостандығына кесірін тигізетінін айтты», деп жазады автор.