Сирия-Ресей операциясы: 500 адам қаза тапты

0
823

Құқық қорғаушылардың айтуынша, ресейлік және сириялық әскерилер біле тұра адам көп шоғырланған аудандар мен ауруханаларға жарылғыш зат тастауда.


Сирия-Ресей операциясы: 500 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб елді мекенінде 500 бейбіт тұрғын қаза тауып, 2000-нан астам адам зардап шеккен, деп жазады «Хабар 24».

Сәуір айында басталған операцияның салдары осы. Үкіметтік әскердің өңірге шабуыл жасауына ресейліктер қолдау көрсетіп отыр. Бұл туралы сириялық адам құқығы мониторингі орталығы мәлімдеді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ресейлік және сириялық әскерилер біле тұра адам көп шоғырланған аудандар мен ауруханаларға жарылғыш зат тастауда. Мәскеу мен Дамаск бұл жалған ақпарат деп отыр.

Ресейлік әскерилер шабуылды тек «Әл-Каида» террорлық тобының содырларына жасап жатқандығын айтады. БҰҰ-ның деректері бойынша операция басталғалы бері Идлибтен 300 мың адам қашқан. Жалпы, өңірде үш миллион бейбіт тұрғын өмір сүреді. Оның бір миллионы бала.