Сирияда бір топ бала ойнап жүріп мина басып кетті

0
2 244

Лаңкестер жарылғыш заттарды көбінесе балалар ойыншығының ішіне жасырады


Сирияда бір топ бала ойнап жүріп мина басып кетті

ERNUR.KZ. Сирияның оңтүстігіндегі Шейх-Мискин қаласында 12 бала ойнап жүріп, мина басып кеткен. Балалардың екеуі жарылыс орнында қаза тапты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Деръа провинциясындағы Шейх-Мискин қаласында лаңкестер көміп кеткен мина жарылысы салдарынан екі бала қаза тапты, қалған 10 бала түрлі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп жазады агенттік.

Елдімекендерді тастап шыққан террористер ғимараттарды миналап, айналаға балалар ойыншығының ішіне жасырылған, қолдан жасалған жарылғыш заттар қойып кеткен.

Сириялық саперлер провинцияларды күн сайын минадан тазартып жатқанына қарамастан, елдің әр аумағында жарылыстан қаза тапқан балалар мен жергілікті тұрғындар туралы хабарламалар легі еш толастар емес.