Сирияда ресейлік Су-25 шабуылшы ұшағы атып құлатылды

0
1 390

Сирияда оппозициялық жасақтардың бірі ресейлік Су-25 шабуылшы ұшағын атып құлатты. Алдымен, Лондондағы адам құқықтары жөніндегі Сириялық бақылау кеңесінің (SOHR) басшысы Абдел Рахман «бүлікшілер жасағы Су-25 ұшағын атып түсірді. Ресейлік пилот парашютпен секіріп үлгергенімен, тұтқынға алынды»,-деген мәлімдеме таратты.


Сирияда ресейлік Су-25 шабуылшы ұшағы атып құлатылды

Алдымен, Лондондағы адам құқықтары жөніндегі Сириялық бақылау кеңесінің (SOHR) басшысы Абдел Рахман «бүлікшілер жасағы Су-25 ұшағын атып түсірді. Ресейлік пилот парашютпен секіріп үлгергенімен, тұтқынға алынды»,-деген мәлімдеме таратты. Оқиға Идлиб провинциясындағы Маарет ән-Нуғман қаласының маңында болған.

Артынша, интернетте әуедегі әскери ұшақты атып құлатқан сәт пен оның жердегі бөлшектері бейнелнген видео пайда болды. Содан кейін ұшқыштың қаза болғаны туралы айтыла бастады.

Әскери ұшақтың жылжымалы зениттік-зымыранды кешеннен атып құлатылғанын Ресей қорғаныс мнистрлігі де растады. Мұны жасаған «Тахрир әш-Шам» ұйымы екен. Ресей қорғаныс министрлігі ұшаққа зымыран атылған аумақты атқылап, 30 содырдың көзін жойғанын мәлімдеді