Сиырдың желініне сақина кигізіп қызға ұсыныс жасаған жігіт көпшілікті шошытты

0
2 181

Көпшілік мұны әлемдегі ең сорақы ұсыныс деп қабылдапты.


Сиырдың желініне сақина кигізіп қызға ұсыныс жасаған жігіт көпшілікті шошытты

ERNUR.KZ. Сүйіктісіне үйленуге деген ұсынысын жеткізгісі келген жігіт ерекше идея ретінде сиырдың желініне сақина кигізіп қойған.

Бүгінде сүйіктісіне ұсыныс жасауда жігіттер қандай әрекетке бармай жатыр?! Бұл да сондай бір жігіттің ерекшелік ойлап тапқаны болса керек-ті.

Сингапурлық қыз сиырын саууға келгенде оның желініне кигізілген сақинаны көріп бір жағынан қуанса, екінші жағынан аздап қорқып та кетіпті. Жігіт те сақинаны қыздың міндетті түрде байқайтынын алдын ала болжамдаған көрінеді.

Әлеуметтік желілерге жарияланған мұндай ұсынысты көпшілік әлемдегі ең сорақы ұсыныс деп қабылдапты. Желі қолданушылардың бір бөлігі сиырға жаны ашыса, енді бір жағы қыздың саусағының үлкендігіне таңданыпты.

Дереккөз: 120.su