"Сіздің шешіміңізді қолдаймын": АҚШ президенті Назарбаевқа хат жолдады

0
1 323

Дональд Трамп Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады.


ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады, деп жазады stan.kz.

«Сіздің еліңіз үшін тарихи сәтпен құттықтаймын. Сіз 30 жыл атқарған қызметіңізден кейін ұзаққа жететін әрі табысты мұра қалдырдыңыз. Сіздің транзиттің конститутциялық процедураларын ұстану туралы шешіміңізді қолдаймын», - дейді Трамп.

Сонымен қатар Трамп Назарбаевтың 2018 жылы Ақ үйге келуі АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың нығаюында маңызды қадам болғанын атап өтті.

«Біз екі жақты қарым-қатынасымызда үлкен жетістіктерге жеттік. Америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықта аумағы кеңейіп келе жатқанына қуаныштымын. Қазақстан сіздің бақаруыңызбен әлемде жетістікке жетті. Сіздің қолдауыңыз бен президент ретінде атқарған жұмысымызды жоғары бағалаймын. Ендігі президент Тоқаевпен осындай тығыз қарым-қатынасты асыға күтемін. Алдағы бастамаларыңызға табыс тілеймін», - делінеді хатта.

Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде хаттың суретін жариялады.