Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды - БАҚ

0
711

Оңтүстік Корея әскерилерінің айтуынша, снаряд Жапонияның ерекше экономикалық аймағының сыртында теңізге құлауы мүмкін.


Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды - БАҚ

ERNUR.KZ. Корея халық демократиялық республикасы Жапония теңізіне қарай белгісіз баллистикалық зымыранды ұшырды, деп жазады sputnik.kz.

Әскерилер зымыранның қашықтығы, жылдамдығы мен биіктігін зерттеп жатыр. NHK телеарнасы атап өткендей, снаряд Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлауы мүмкін.
Рёнхап ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оңтүстіккореялық әскерилер бұған дейін Солтүстік Кореяның түбектің шығыс жағалауындағы Синпхо порты маңындағы белсенділігін байқаған. Бұл суасты баллистикалық зымыранын (SLBM) ұшыруға дайындық болуы мүмкін.

Солтүстік Корея Жапон теңізіне белгісіз баллистикалық зымыранды ұшырды, деп жазды агенттік.