Солтүстік Корея коронавирусты жеңгендерін мәлімдеді

0
1 003

Сарапшылар солтүстіккореялық шенеуніктердің бұл мәлімдемесіне күмән келтіріп отыр.


Солтүстік Корея коронавирусты жеңгендерін мәлімдеді

ERNUR.KZ. КҰДР COVID-19 жұқтырған барлық тұрғындарының жазылғанын мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

ВВС таратқан ақпаратқа сүйенсек, сарапшылар солтүстіккореялық шенеуніктердің бұл мәлімдемесіне күмән келтіріп отыр.

Өткен аптада безгек жұқтырудың (КҰДР коронавирусты солай деп атайды) бірде-бір жаңа жағдайы тіркелген жоқ. Бүкіл ел бойынша ем қабылдаған пациенттердің барлығы сауығып шықты, - делінген Корея орталық телеграф агенттігі таратқан хабарламада.

Солтүстік Корея – жабық мемлекеттердің бірі болғандықтан, ақпаратты тәуелсіз дереккөздерден тексеру мүмкін емес.

КҰДР әуел бастан сырттан келетін вакцина мен өзге де медициналық көмектен үзілді-кесілді бас тартты. Ал бұл елде денсаулық сақтау жүйесі әлем бойынша ең нашар болып есептеледі.

Пхеньян коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі турады биыл мамырдың басында хабарлады. Ресми агенттік 18 мыңнан астам адам індет жұқтырғанын, алты адамның қайтыс болғанын айтты. Осыдан соң елде «жоғары төтенше жағдай» режимі енгізіліп, локдаун жарияланды.