Солтүстік Корея қос зымыран ұшырды

0
66

Пхеньян бұл жолы жақын қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген.


Солтүстік Корея қос зымыран ұшырды

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы 2 зымыран ұшырды. Олар елдің солтүстік-шығысындағы Хамхын қаласынан атылды, деп жазады «Хабар 24».

Оңтүстік Кореяның пайымдауынша, Пхеньян бұл жолы жақын қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген. Және де олардың АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуға наразылық ретінде ұшырылғанын айтады. Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні Солтүстік Корея басқарылатын тактикалық 2 зымыранды сынақтан өткізген еді. Олар Жапон теңізінде 450 шақырым жердегі нысанды атып түсірген. Ал сынақты бақылаған Ким Чен Ын бұл АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен оқу-жаттығуына ескерту деп мәлімдеген.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет