Солтүстік Корея Оңтүстік көршісі мен АҚШ-қа ескерту жасады

0
1 847

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын тоқтатпаса Солтүстік Корея да «қол қусырып отырмайтыды» . БҰҰ на жолдаған хатында Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ри Ен Хо осындай ескерту жасапты. Бұл туралы reuters хабарлайды.


Солтүстік Корея Оңтүстік көршісі мен АҚШ-қа ескерту жасады

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын тоқтатпаса Солтүстік Корея да «қол қусырып отырмайтынын» ексертті БҰҰ на жолдаған хатында Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ри Ен Хо. Бұл туралы reuters хабарлайды.

2017 жылдың қарашасынан ядролық сынақтарды тоқтатқан Пхеньян осы жылдың басында оңтүстік көршілерімен келіссөздерді бастап еді. Бұл корей түбегіндегі текетіресті біршама басқандай болған.

«Корей түбегінде бБейбітшілік пен қауіпсіздікті ұрандатып, біріккен әскери жаттығулар басталған сайын қос корей мемлекеттерінің арасында сенімсіздік пен үрей туындайды. Әрі бұл қауіп шыңына жетіп, алдағы қиындықпен қол жеткізілген келіссөздерге кедергісін келтіріп тұр. Қос тараптың қарым-қатынасын жақсартуға барынша ат салысатын боламыз. Бірақ,айтылған көрініске қол қусырып қарап отырмаймыз»,- депті өз хатында Ли Ен Хо. Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі егер әскери жаттығулар жалғасатын болса қысқы Олимпиададан соң Пхеньян ядролық сынақтарды жалғастыратынын тұспалдапты.

Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен жаттығуларын кейінге шегеруді ұйғарған болатын.