Солтүстік Корея ядролық сынақтарды қайта бастайтынын мәлімдеді

0
731

2019 жылдың соңында Солтүстік Корея кішігірім қаруларды сынақтан өткізген. Бұл әрекет АҚШ-қа қысым көрсету амалы ретінде бағаланды.


Солтүстік Корея ядролық сынақтарды қайта бастайтынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ядролық сынақ пен алыс қашықтықтағы ракеталардың сынағын қайта бастайтынын мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, бұл келісім Солтүстік Корея мен АҚШ арасында болған келіссөз кезінде қабылданған.

«Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның жаңа стратегиялық қару ұсынатынын да айтты. Дегенмен, ол АҚШ-ты диалогқа шақырып, сынақ «көлемі» Американың позициясына байланысты болатынын айтты», деп жазады басылым.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шешімге екі тараптың ортақ келісімге келе алмауы себеп болып отыр: Вашингтон Пхеньян толығымен ядролық бағдарламадан бас тартпай, санкцияларды алып тастамайтынын мәлімдеген еді.

2019 жылдың соңында Солтүстік Корея кішігірім қаруларды сынақтан өткізген. Бұл әрекет АҚШ-қа қысым көрсету амалы ретінде бағаланды. Вашингтон келіссөзінің нәтижесінде Солтүстік Корея ядролық сынақ пен баллистикалық ракеталар сынағына мораторий жариялаған болатын. Пхеньян мұндай сынақтарды 2017 жылдан бері өткізбеді.

Ким Чен Ын Солтүстік Корея мораторий күшін жоятынын, себебі Вашингтон Оңтүстік Кореямен әскери жаттығуды тоқтатпай, өз санкцияларын күшейтіп жатқанын айтты. Сонымен қатар, әлем жаңа стратегиялық қарумен танысатынын мәлімдеді.