Солтүстік Корея зымыран ұшырды

0
597

Болжам бойынша ол баллистикалық зымыран болуы мүмкін.


Солтүстік Корея зымыран ұшырды

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея Жапон-Шығыс теңізіне қарай қайтадан белгісіз снаряд ұшырды, деп жазады 24.kz.

Болжам бойынша ол баллистикалық зымыран болуы мүмкін.

Солтүстік Корея елі жыл басынан бері осымен тоғызыншы рет зымыран ұшырып отыр. Соңғысы бір апта бұрын жүзеге асырылды. Сол кезде ел билігі зымыранның барлау спутнигін жасаумен байланысты зерттеу жұмыстары аясында ұшырылған айтқан еді. Бірақ Жапония үкіметі бұл әрекетті қатаң сынға алып жатыр.

"Солтүстік Кореяның әрекеттері, соның ішінде бірнеше рет зымыран ұшыруы Жапонияның осы аймақ пен халықаралық қоғамдастықтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тағы да қайталап айтамын, мұндай әрекеттерге жол берілмеуі керек",- деді, Жапонияның қорғаныс министрі, Нобуо Киси.