Солтүстік Кореяда бір адам коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

0
772

Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.


Солтүстік Кореяда бір адам коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Солтүстік Кореяда алғаш рет бір тұрғын коронавирусқа шалдыққан деген күдікпен карантинге жабылды, хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Кэсон қаласында тіркелген. Шаһар тұрғыны 3 жыл бұрын Оңтүстік Кореяға қашып, өткен аптада шекараны заңсыз кесіп, елге оралған екен. Осыған байланысты мемлекет басшысы Ким Чен Ын Еңбекші партия орталық комитетінің шұғыл отырысын өткізіп, Кэсонда төтенше жағдай жариялап, қаланы жапқан. Әр ауданы оқшауландырылып, бақылау күшейтілді. Онымен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.