Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

0
514

Осы уақытқа дейін КХДР билігі елде COVID-19 жоқ деп мәлімдеп келген болатын.


Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

ERNUR.KZ. Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Осы уақытқа дейін КХДР билігі елде COVID-19 жоқ деп мәлімдеп келген болатын.

Солтүстік Корея Орталық телеграф агенттігінің (ОТА) ақпараты бойынша, 12 мамырда елде КХДР Еңбек партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының отырысы шақырылып, оған республика көшбасшысы Ким Чен Ын қатысқан.

"2020 жылдың ақпанынан бастап осы күнге дейін екі жыл үш ай бойы эпидемияға қарсы фронт құрылған елімізде төтенше жағдай болды", - делінген хабарламада.

Солтүстік Корея агенттігі Ким Чен Ын төтенше жағдайды "кенеттен туған" деп атағанын айтты.

"Елдің барлық округі мен қаласында, әркім өз аймағын жауып, (...) қатерлі вирустың таралу жолдарын мұқият жабыңыздар. (...) Біз кенеттен туған дағдарысты еңсереміз және вирусқа қарсы күресте міндетті түрде жеңеміз", - деп бұйырды ол.

Айта кетейік, 8 мамырда Пхеньянда науқастардан алынған сынақ нәтижесі BA.2 коронавирусын, яғни омикрон штамын көрсеткен.