Солтүстік Кореяда жасөспірімдер дорама көргені үшін 12 жыл ауыр жұмыс істейді

0
494

Екі бозбала Оңтүстік Кореяның танымал дорамасын көргені үшін 12 жылға ауыр жұмысқа тартылды.


Солтүстік Кореяда жасөспірімдер дорама көргені үшін 12 жыл ауыр жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Солтүстік Кореяда 16 жастағы студенттерге қатысты үкім адамдарға лық толы стадионда шығарылды, деп жазады stan.kz.

Екі бозбала Оңтүстік Кореяның танымал дорамасын көргені үшін 12 жылға ауыр жұмысқа тартылды. Қоғамдық қабылдауда шығарылған шешімнің бейнежазбасын BBC Оңтүстік және Солтүстік Даму ғылыми-зерттеу институты (Sand) ұсынды.

2022 жылы түсірілген бейнежазбадан 100 студенттің көз алдында 16 жастағы екі баланың қолы кісенделгенін көруге болады. Полицейлер жасөспірімдерге "қатеге жол берді" деп сөгіс айтты. Бұл бейнежазба Солтүстік Кореяда идеологиялық білім беру мақсатында таратылатыны хабарланды.

2020 жылы КХДР-да Оңтүстік Кореяның ойын-сауық бағдарламаларын көрген немесе таратқандар өлім жазасына кесілетіні туралы заң қабылданды. Жаза кәмелетке толмағандарға да қатаңдатылды. Бұған дейін жасөспірімдер 5 жылға дейін жастардың еңбек лагерлеріне жіберілетін.