Соңғы 20 жылда алғаш рет АҚШ-та безгек ауруы анықталды

0
470

Масалар арқылы таралатын паразиттерден туындайтын безгек өлімге әкелуі мүмкін.


Соңғы 20 жылда алғаш рет АҚШ-та безгек ауруы анықталды

ERNUR.KZ. АҚШ-та соңғы 20 жылда алғаш рет безгек ауруы анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Басылым атап өткендей, безгектің үш жаңа жағдайы - біреуі Техаста және екеуі Флоридада тіркелген, науқастардың АҚШ аумағынан шықпағандығы дәрігерлерді одан әрі алаңдатып отыр.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы тіркеген соңғы жағдай 2003 жылы Флорида штатының Палм-Бич қаласында болды. Әдетте АҚШ-та елден тыс жерлерге барған адамдарда безгек ауруы анықталып жатады. Алайда, қазіргі үш жағдай жергілікті масалардың ауруды адамдарға тарата алатынын көрсетіп отыр.

"Жергілікті инфекцияның қандай да бір аймақта таралуы бізді алаңдатпай қоймайды. Климаттың өзгеруі АҚШ-та трансмиссивті аурулардың таралуында маңызды рөл атқарады", - деп атап өтті Флорида Университетінің энтомологы Эстель Мартин.