СOVID 19: АҚШ-та алғашқы сәби өлімі тіркелді

0
782

Көз жұмған сәби 1 жасқа да толмаған.


СOVID 19: АҚШ-та алғашқы сәби өлімі тіркелді

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттарында алғашқы сәби коронавирустан көз жұмды, деп жазады тengrinews.kz.

Қайғылы оқиға Чикаго қаласында болған. Көз жұмған сәби 1 жасқа да толмапты.

"Осыған дейін СOVID 19-дан сәби өлімі тіркелмеген. Оның неден қайтыс болғанын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Иллинойс штатының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нгози Эзике.

Осыған дейін Қытайда қауіпті індетті жұқтырған бала қайтыс болған.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 570 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, ал 26 мыңнан астам адам аурудан көз жұмды.