SpaceX ғаламторға арналған 60 жасанды жер серігін орбитаға шығарды (видео)

0
1 060

Starlink жобасы ғаламшардың кез келген нүктесіне жылдамдығы жоғары интернет жеткізуді көздейді.


SpaceX ғаламторға арналған 60 жасанды жер серігін орбитаға шығарды (видео)

ERNUR.KZ. SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы жұма күні таңертең интернет-трафиктің ғаламдық желісін құруға арналған Starlink жобасының 60 шағын жасанды жер серігін орбитаға алып шықты. Олардың барлығы интернетке қосылды. Бұл туралы Илон Масктың SpaceX компаниясы твиттерде хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Екі сатылы зымыран Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылды.

Falcon-9 зымыран тасығышының бірінші сатысы Атлант мұхитындағы жүзетін платормаға қонды. Екінші саты да сәтті ажырап шықты. Зымыран тасығышты ұшыру сәті SpaceX компаниясының YouTube-арнасында көрсетілді.

Зымыранды ұшыру мерзімі екі рет кейінге шегерілген. Әуелі ол 16 мамырда ұшырылады деп жоспарланған, бірақ ауа райының қолайсыздығынан кейінге қалдырылды, одан соң құрылғыны тексеру үшін қосымша уақыт қажет болды.

2015 жылы әзірленген Starlink жобасы ғаламшардың кез келген нүктесіне жылдамдығы жоғары интернет жеткізуді көздейді. 2018 жылы ақпанда зымырандар екі мәрте сынақтан өткізілді. Илон Маск бірнеше жыл көлемінде орбитаға мыңдаған ғарыш аппараттарын шығаруды көздеп отыр. Жобаға 10 миллиард доллар инвестиция тартылған.