Спутник V салдырғандар АҚШ-қа кіре алмайды

0
533

Сарапшылар АҚШ билігінің бұл шешімінен ресейліктер ғана емес, өзге ел тұрғындары да зардап шегетінін айтып отыр. Өйткені Спутник V вакцинасының 448 млн дозасы әлемнің өзге өңірлеріне сатылған.


Спутник V салдырғандар АҚШ-қа кіре алмайды

Ресейлік Спутник V препаратын қабылдағандар АҚШ-қа кіре алмайды, деп жазады 24.kz. The Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Қараша айынан бастап АҚШ билігі шекарасын туристерге ашпақ ниетте.

Алайда жергілікті биліктің талабы бойынша Дүниежүзлік Денсаулық Сақтау ұйымы немесе Америка билігі мақұлдамаған вакцинаны еккен шетелдік азаматтар үшін АҚШ-қа кіруге рұқсат жоқ. Сонымен қатар Үндістандық Ковак-Син препаратын еккендер де құрама штаттарына бара алмайды. Қазір мойындалған екпелердің тізімінде Pfizer, Moderna,Сина-Фарм мен Сина-Вак вакциналары бар.


Айта кетейік, соңғы екі препарат Қазақстанда қолданысқа енгізілген. Сарапшылар АҚШ билігінің бұл шешімінен ресейліктер ғана емес, өзге ел тұрғындары да зардап шегетінін айтып отыр. Өйткені Спутник V вакцинасының 448 млн дозасы әлемнің өзге өңірлеріне сатылған.