Стамбұлда тұмау өршіді

0
402

Түркияда тұмау және ауа арқылы тарайтын вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт артты. Әсіресе, Стамбұл қаласында ауруханаға түскен науқас көбейген.


Стамбұлда тұмау өршіді

ERNUR.KZ. Елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа тыныс жолдары ауруларының арта түскенін, сондықтан оған жеңіл-желпі қарамай дер кезінде ем қабылдау қажеттігін ескертті, деп жазады zakon.kz.

Стамбұлдық дәрігерлер тұмау, Ковид сияқты жұқпалы вируспен ауырғандар өткен аймен салыстырғанда 50 пайызға көбейгенін айтты, деп жазады

Салдарынан кей ауруханда науқастарды жатқызатын жер болмай қалған. Мамандар жұқпалы аурулардың бұлай күрт дендеуін адамдардың пандемия біткеннен кейінгі кезеңде маска тақпауымен байланыстырады.

"Жұқпалы вирустық аурулар Стамбұл сияқты үлкен қалаларда жылдың барлық мезгілінде де болады. Алайда биыл қыста науқастар күрт көбейді. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі. Сондықтан 65 жастан асқан азаматтар вакцина алғандары абзал."Нуреттин Игит, Стамбұл қалалық ауруханасының бас дәрігері