Студенттер құстарға арналған аурухана ашты – видео

0
935

Қазір орталық 10 құсқа дейін қабылдай алады.


Студенттер құстарға арналған аурухана ашты – видео

ERNUR.KZ. Студенттер грант ұтып алып, кәдімгі пәтерден ветеринарлық клиника ашты, деп жазады sputnik.kz.

Қазандық жас ветеринарлар кәдімгі пәтерден жабайы құстарға арналған емдеу орталығын ашты. Студенттер таяуда жастар жобаларының бүкілресейлік конкурын жеңіп, өз идеяларын жүзеге асыруға – жабайы жануарларға арналған оңалту орталығын ашуға мемлекеттік грант алды.

Ветеринар студенттер бюджетті жылдам игерді. Қазандағы пәтерлерін қайта жабдықтап, арнайы жабдықтар мен жем сатып алды. Қанаттылар оңалту орталығына бүкіл Ресейден әкелінеді. Оларды емдеп шыққаннан кейін не еркіндікке жіберіледі, не хайуанаттар бағына беріледі.

Қазір орталық 10 құсқа дейін қабылдай алады. Көршілер емхана туралы біледі және оған түсіністікпен қарайды.